Бір ажалдан қалғанымен...
Бір ажалдан қалғанымен...
9 жыл бұрын 4853 Ұшақ апатынан қаза тапқан әйел отбасымен

Үш бала "EgyptAir MS804» ұшағының Жерорта теңізінде апатқа ұшырауына байланысты жетім қалды. Аһмет әл-Ашри мен оның зайыбы Риһам Мұсад Франциядан Кайр қаласына сүйінші хабармен бет алған болатын – Жаратқанның құдіретімен әйелі обыр дертінен айығып келе жатқан беті еді. Емдеу ақысы қымбат тұратын Еуропаға әйелін жеткізу үшін күйеуі бар тапқан-таянғанын, үй-жайын түгел сатқан еді. Ал үш баланы Мысырдағы әжесіне қалдырған болатын. Бұл жайында "IslamNews» порталы «The Daily Mail» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Жерорта теңізінде олар мінген ұшақ апатқа ұшырағанда Мысыр әуежайында әжесі мен балалар оларды қарсы алу үшін күтіп отырған еді. Естеріңізге сала кетейік, бейсенбі күні таңертең Парижден Каирге бет алған "EgyptAir" авиакомпаниясының "А320" лайнері  апатқа ұшыраған болатын. Ұшақта экипаж мүшелерін қосқанда барлығы 66 адам болған.

0 пікір
Мұрағат