Бір Әбу-Дабидің өзінде 44 млн мангр ағашы отырғызылды
Бір Әбу-Дабидің өзінде 44 млн мангр ағашы отырғызылды
1 жыл бұрын 1402 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әбу-Дабидің қоршаған ортаны қорғау агенттігі 2030 жылға қарай 100 миллион мангр ағашын отырғызу бағдарламасының 44 пайызын орындады. Бұл бағдарлама аталған әмірлікке 2050 жылға қарай көміртектен ада аймаққа айналу мақсаты үшін қолға алынып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2020 жылдан бері 44 миллион ағаш отырғызылды, оның 23 миллионы соңғы екі жылда отырғызылған. Бүгінде мангр ағаштары отырғызылға аумақ 9200 гектарды құрайды. Манг ағаштары атмосфераға бөлінетін көміртегі мөлшерін жылына 233 000 тоннаға азайтуы тиіс, бұл көрсеткіш 25 000-нан астам үй тұтынатын энергия мөлшеріне тең. Аталмыш агенттік жүргізген зерттеу нәтижесі Әбу-Дабидегі мангр ағаштары жылына кемінде 8800 тонна көміртекті сіңіре отырып, бір жылда гектарына 0,5 тонна мөлшерінде көміртекті жинай алатынын көрсетті. Қыркүйек айында Біріккен Араб Әмірліктері күллі әлем бойынша 15 миллион гектарды қамтитын мангр ормандарын сақтау үшін 2030 жылға дейін 4 миллиард доллар инвестициялау туралы үндеуге қолдау білдірді.

0 пікір
Мұрағат