Биометрикалық деректер үшін адамды мәжбүрлегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Биометрикалық деректер үшін адамды мәжбүрлегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
2 жыл бұрын 1244 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясында биометриялық деректерді мәжбүрлеп жинау және сыртқа шығару, яғни, қолды етіп, жариялау немесе үшінші тұлғаға беру қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын іске жатқызылуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, биометрика туралы заңға сәйкес коммерциялық ұйымдардың арасынан биометрика жинаушылар мен таратушылар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Аталмыш заң талаптары бойынша мұндай әрекеттерге, сондай-ақ, геномдық ақпаратты сақтау және оны мәжбүрлеп жинауға қатаң тыйым салады, бұдан бөлек, биометрика тізімі адамның бет-жүзімен және дауыстарымен шектеледі. Сонымен қатар, осы заманғы технология мен жасанды зердеге негізделген мұндай жүйеден тиісті деректерді жою процедурасын жеңілдету және «Госуслуг» арқылы олардың пайдаланылуын бақылау мүмкіндігін құру жоспарлануда.

0 пікір
Мұрағат