Биологиялық организмдердің өмір мен өлім арасында үшінші халі болатыны анықталды
|

Өмір мен өлім биологиялық организм тіршілігінің бірден-бір халдері емес тәрізді. Ғалымдар үшінші халді тапты – бұл арада жасушалар ренессансы (жасушалардың жаңғыруы) секілді хал турасында сөз болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Euronews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық медицинада үлкен серпіліс тудыруы мүмкін. Сиэтлдегі Уашингтон университетінің Питер Нобл есімді профессоры мен Калифорниядағы City of Hope ұлттық медициналық орталығының қызметкері Алекс Пожитковтың айтуынша, организм өлімінен кейін оның жасушалары - қоректік заттар, оттегі, биоэлектрлік немесе биохимиялық сигналдар болғанда - тірі кезіндегіден мүлдем бөлек жаңа қабілеттерге ие бола алады. Осылайша, ғалымдар өлі бақалардың тері жасушалары «ксенобот» деп аталатын көп жасушалы организмдерге өздігінен қайта құрылып, зертханадағы Петри тостағанына бейімделе алатынын анықтады. Сондай-ақ, адам өкпесінің жекелеген жасушалары организм тіршілік белгісін тоқтатқаннан кейін «антроботтар» деп аталатын миниатюралық көп жасушалы организмдерге топтасуы мүмкін екенін хабарлады. Осылайша, америкалық қос ғалымның зерттеуі жасушалар мен организмдер тек бір ғана, алдын ала анықталған белгілі жолмен дамиды деген ұғымға алғаш рет күмәнмен қарауға итермеледі. Олардың организмнің өлімінен кейін тірі қалып, жұмыс істеуіне бірқатар фактор ықпал етпек. Негізінде бұл феноменді құбылыс қоршаған ортаның жағдайларына, зат алмасу процесінің белсенділігіне және консервациялау әдістеріне байланысты өрбиді. Жасушалардың түрлері көп. Олардың өмір сүру уақыты да әрқилы болып келеді. Мәселе, адам бойындағы лейкоциттер әдетте адам өлген соң 60-68 сағаттан соң бұзылады, ал тышқан қаңқасының жасушалары 14 күн қатарынан жұмыс істей алады. Қой мен ешкінің фибробласта жасушаларын жануарлар өлген соң бір айдан кейін де импланттауға болады. Бұл бағыттағы зерттеудің жүргізіліп келе жатқанынан табаны күректей 15 жылдан асыпты. Осы зерттеу барысында 2017 жылы тышқан мен балық өлгеннен кейін олардағы шамамен мыңдаған жасушалардың жұмыс істей беретіні анықталған. Бұл тараптағы зерттеу ең алдымен регенеравтивті медицинаны және иммундық терапнияны жаңа белеске көтереді. Осылпайша адамзат «өлім сағаты» туралы концепцияны қайта қарап, өмір мен өлім құпияларының бір парағын ашуы мүмкін.




