Биохакер өзіне Құран мен Інжіл "ДНК"-сын "егіп" алды
|
Адриен Локателли (Adrien Locatelli) есімді Франция тумасы нуклеотид көмегімен қасиетті Құран мен Інжілден үзінділерді шифрлеп, одан алынған ДНК-ны өзіне егіп алды. Iflscience ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, жасөспірім бұл қауіпті тәжірибені тек мұны істеп көрудың қаншалықты мүмкін екенін байқап көру үшін жасағанын мәлім етті. Ол Болмыс кітабының 2:10-2:14 және 7:1-7:5 шумақтарындағы кейіпкерлерден өзгесін, яғни, еврей кейіпкерлердің барлық есімін шифрлаған. Ал аталған шумақтар оған "қарама-қайшылыққа толы" болып көрінген. Сондай-ақ, ол қасиетті Құранның ар-Ра'д сүресінің барлық аятын кодтаған. Ол макромолекулланы зертханада синтездеп, аяғына еккен. "Соңғы зерттеу көрсеткендей, кез келген ақпаратты ДНК көмегімен құпиялап, осы күйінде сақтауға болады. Мен мәтін сақталған алғашқы тірі ағзамын. Бұл ешқандай пайда бермесе де символдық мән бар",- деп бөсті биохакер. Оның айтуынша, осы қауіпті тәжірибеден кейін бойынан ешқандай ауытқушылық пен ауырсыну байқалмаған. Яғни, теріс әсері байқалмаған. Оның бұл әрекетін есерлік пен ессіздікке балағандар мен жындысүрейлікке телігендер көп болды. Әлеуметтік желіде. Мәселен, антибиотиктерге төзімділікті зерттеумен айналысатын компания жетекшісі Айзек Стоунер (Isaac Stoner) Twitter-де "Құрметті биохакерлер, өтінемін, естеріңді жиыңдар",- деп үндеу тастады. т.б.