|
Binance компаниясының әлемдегі алғашқы шариғи мульти-токен стейкингі іске қосылады
|
Binance исламдық қаржы қағидаттарына сәйкес келетін әлемдегі алғашқы мультивалюталық стейкинг-сервис ретінде айқындалатын Sharia Earn жаңа өнімін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы fintech-retail.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш өнім Amanie Advisors деп аталатын шариғат мәселелері жөніндегі халықаралық консалтингтік компания тарапынан ресми шариғат сертификатын алды. Sharia Earn исламдық қаржы құқығының талаптарын ескере отырып әзірленген, соның ішінде өсімқорлыққа тыйым салу (риба), шамадан тыс белгісіздікті болдырмау (гарар), тәуекелдерді әділ бөлу және байлықтың айналымы ескерілген. Мәлімделген мәліметтер бойынша бұл сервис аясындағы барлық қаражат халал қағидаттарына сәйкес келетін активтерге бағытталады, ал стейкинг жұмысының тетіктері вакал моделіне құрылған. Өнім қолданыстағы Binance Earn құралдарына негізделген - BNB Locked Products, ETH Staking және SOL Staking қоса алғанда. Механизмдердің әрқайсысын шариғат сарапшылары тексерді және ислам нормаларына сәйкес, деп таныды. Бастапқыда мұндай сервис негізінен мұсылман елдерінде, соның ішінде Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Түркия, Мысыр, Үндістан, Ирак, Кувейт, Марокко, Катар, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстанда іске қосылады. Компанияның мәлімдемесіне сәйкес Sharia Earn жобасы мұсылмандардың тиісті діни талаптар шеңберінде цифрлық инвестициялар құралдарына қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.