Білімге қаржы бөлуден көш бастаған бес ел белгілі болды
Білімге қаржы бөлуден көш бастаған бес ел белгілі болды
1 жыл бұрын 1691 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

UNESCO (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) білім беру саласына шығынданатын елдер рейтингісін түзіпті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде арабтардың әл-Жазира арнасына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш рейтингте білім саласына бөлінетін қаражаттың нақты сомасы емес, жалпы ішкі өнімнен бөлінетін үлес есепке алынған.

Бірінші орыннан жыл сайын жалпы ішкі өнімнің 10,15 пайызын білім беруге жұмсайтын Гренландия көрінген.

Боливия 9,84 пайызбен екінші орында.

Намибия үшінші орынды иеленді - ЖІӨ-нің 9,64 пайызы.

Төртінші орында Сьерра-Леоне – ЖІӨ-нің артық-кемі жоқ 9 пайызы.

Бұл тізімнің алғышқы бестігінің құрамында Саудия бар.

Рейтингтің 5-ші орнына жайғасқан Саудия жыл сайын жалпы ішкі өнімнің 7,81 пайызын білім саласына құяды. Ал тәуелсіз мемлекеттер достастығында Қырғызстан алда тұр – ЖІӨ-нің 6,21 пайызы. Тунис - 7,32, Алжир - 7,04 және Марокко - 6,75.

0 пікір
Мұрағат