|
Білім беру министрлігі мен ата-аналар арасындағы дау неден туындады?
|
Мысырда білім беру министрлігі мен ата-аналар арасында дау бұрқ ете қалды? Дау білім беру министрлігінің төменгі сыныптарда оқитын оқушы қыздарға шариғат шәлісін жамылып жүруге салған тыйымынан кейін пайда болды. Аталмыш министрліктің бұл тыйымына ата-аналар наразылық білдіріп, қарсы шықты. Бұл жайында IslamNews порталы The Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Мысырдың білім беру министрі Мухиб ар-Рифаи сұхбатында исламда қыз баланың жыныстық жетілу жасына (12-14 жас аралығында) жетпейінше шариғат шәлісін жамылып жүруге міндеттемейтінін алға тартты. Айта кетейік, 1994 жылы Мысыр билігі мектеп киім үлгісі туралы заңға түзету енгізіп, 12 жасқа дейінгі оқушы қыздарға сабаққа шариғат шәлісін жамылып келуге тыйым салған еді. Алайда, қоғамда шу көтерілгеннен кейін 1996 жылы жоғарғы сот бұл шектеуді конституцияға қайшы деп тапқан болатын. Өздеріңіз білетіндей, асыл дінімізде министрлік сөз еткен жасқа жеткенше қыз балаға шариғат шәлісін жамылуға міндеттелмейді. Десе де, ата-аналар қыздарын ерте бастан үйрету үшін бастауыш сыныптан бастап, шариғат шәлісін жамылуға баулиды.