Билік ел тұрғындарын 100 млн-ға тарта қарызынан құтқарды
Билік ел тұрғындарын 100 млн-ға тарта қарызынан құтқарды
6 жыл бұрын 1933 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктері билігі ел тұрғындарының банк алдындағы 100 млн-ға тарта қарызын төлеп берді. Бұл жайында Gulfnews ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш ақпарат агенттігінің таратқан хабары келтірген дерегіне қарағанда, атаған ел билігі мен 13 банк бұл мәселеде өзара келісімге келген. Қарызды реттеу қорының жоғарғы комитет жетекшісі Жабер Мұхаммед ас-Субейди ел билігінің мұндай қадамға азаматтардың лайықты өмір сүруі мен әлеуметтік тұрақтылықтың деңгейін арттыру мақсатында барғанын мәлімдеді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, БАӘ билігі ел тұрғындарының тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын көтеру бағытында түрлі шараларды қолға алған. Мәселен, 2017 жылы салық төлеуден жалтарғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды айыппұл салумен алмастырған болатын. Яғни, салық заңнамасындағы қарастырылған талаптарды жұмсартқан еді. 

0 пікір
Мұрағат