Билік байларды қайырымдылық жасауға міндеттейді
Билік байларды қайырымдылық жасауға міндеттейді
7 жыл бұрын 2662 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктері билігі ел аумағындағы барлық жекеменшік компаниялар мен кәсіпорындарды қайырымдылық жобалар мен әлеуметтік бастамаларға қатысуын міндеттейтін жарлық шығарды. Бұл жайында арнайы жарияланған Қайырымдылық жылына орай өткен экономика министрлігінің 11 бағдарламаны іске қосу шарасы аясында белгілі болды. Алайда, компания табысының қанша пайызын қайырымдылық жобаларға бөледі, бұл әзірге хабарланған жоқ. Бір анығы, қолданысқа енгізіліп жатқан жаңа заңның арқасында жыл соңына дейін 136 млн-нан аса доллар қаражат жиналатын болады. Бұл арада компания қай салаға қаржы бөлетінін өзі шешеді. Яғни, бұл жағына мемлекет араласпайды. Ал қайырымдылық істерде белсенділік танытқан компанияларға жергілікті және федералды мемлекеттік органдар тарапынан ерекше артықшылықтарға жол ашылады. 

0 пікір
Мұрағат