Билік ағайындыларды бір мектепте оқытуға қарсы
Билік ағайындыларды бір мектепте оқытуға қарсы
10 жыл бұрын 3146

Ағасы немесе әпкесі оқитын мектепке алмауды қарастыратын, ағайындыларды осылайша бөлетін заң жобасын өткен жылдың соңында Карелия Республикасының заң шығарушы органы ұсынған. Бұл заң жобасын үкімет мақұлдай қойған жоқ. Осыған байланысты депутаттар бұл ағаттықты түзетуді ұсынды. Халық қалаулыларының айтуынша, ағайындылар тұрған жеріне немесе отбасылық жағдайына қарамастан бір мектеп қабырғасында білім алуы тиіс. Жоғары сыныпта оқитын ағасы немесе әпкесі бар мектеп табалдырығын енді аттаған бала олардың көмегімен мектепке тез бейімделеді. Алайда, білім беру басқармасындағылар мұндай шара мектепке тұрғылықты жері бойынша оқығысы келетін балаларға өз кедергісін тигізуі мүмкін екенін алға тартып отыр. «Егер жоғары сыныпта оқитын бауыры өз отбасы тұрмайтын территорияға жатпайтын мектепте білім алып жүргендіктен оның інісінің немесе сіңлісінің (қарындасы) осы білім мекемесіне қабылдануы қиындық тудырады. Өйткені, осы ауданға тіркелген оқушылар артықшылыққа ие болып қалады», - деп айтылған осы мәселеге қатысты түсіндірме жазбада. «Аталмыш заң жобасы жақын орнааласқан мектепте білім алу мүмкіндігін шектейді», - деп айтылған тағы бір жерінде.

0 пікір
Мұрағат