Биік ғимараттар саны бойынша араб елі АҚШ-ты басып озды
Биік ғимараттар саны бойынша араб елі АҚШ-ты басып озды
5 ай бұрын 846 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Биік ғимараттар және қалалық орта жөніндегі кеңес (CTBUH) есебінде келтірілген дерекке сәйкес Біріккен Араб Әмірлігі биіктігі 300 метрден асатын ғимараттар саны бойынша Америка құрама штаттарын артқа тастап, екінші орынға шықты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Gulf News ақпарат көзіне жөн сілтеген BUSINESS EMIRATES агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінде биік ғимараттар саны жағынан Қытай көш бастап тұр – 122 ғимарат. Одан кейінгі орынға БАӘ шықты – 37 ғимарат. Ал үшінші орында АҚШ – 31. Дамудың басты драйвері - әлемдегі ең биік ғимарат (828 метр) - Дубай қаласында орналасқан Burj Khalifa ғимараты. Ол елдің сәулет, инновация және туризм саласындағы көшбасшылыққа ұмтылысының символына айналды. БАӘ көп қабатты ғимараттардың жалпы саны бойынша әлемде үшінші орында екенін айту керек. БАӘ-де 345 ғимараттың биіктігі 150 метрден астам, 159 нысанның биіктігі 200 метрден жоғары.

0 пікір
Мұрағат