Безгек тарататын масаның жаңа түрі Азиядан Африкаға жетті. Ондаған миллион адамға қауіп төніп тұр
Безгек тарататын масаның жаңа түрі Азиядан Африкаға жетті. Ондаған миллион адамға қауіп төніп тұр
2 жыл бұрын 1852 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Зерттеушілер безгек масасының жаңа түрі Азиядан Африкаға көшкенін дәлелдеді. Бұл жайында islam.kz порталы phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазір бұл ауру қалаларда, тіпті, індеттің таралуына қолайлы ылғалды жерде ғана емес, сонымен қатар, құрғақ мезгілде де таралуы мүмкін. Ғалымдар Азияда безгек тарататын инвазивті масаның Африкада таралып жатқанын дәлелдей келе ондаған миллион қала тұрғындарына қауіп төндіретінін ескертті. Ғалымдар 2020 жылы безгектен 627 мың адам қайтыс болған Африкада ауру әдетте ауылдық жерлерде таралады, деп түсіндірді. Оны негізінен Anopheles gambiae масалар тобы тасымалдайды. Бұдан бөлек, Үндістан мен Иран ірі елді-мекендерінде безгек ауруын көбірек таратып жатқан Anopheles stephensi масасы қалалық су жолдарында көбейе алады. Ол, сондай-ақ, инсектицидтерге төзімді. Моделдеу нәтижесі көрсеткендей, егер Anopheles Stephensi Африкада кең таралса, безгек 44 қаладағы 126 миллионнан астам адамға қауіп төндіреді. Африка құрлығының шығысында орын тепкен Жибути 2012 жылы Anopheles stephensi масасы табылған алғашқы африкалық мемлекет болды. Бұған дейін аталған ел безгекті жоюға жақын қалып еді, 2019 жылы небәрі 27 жағдай тіркелген. Алайда, Anopheles stephensi пайда болғаннан бері ауру саны күрт өсті - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша осы елдің өзінде 73 000 адам жұқтырған. Зерттеушілер Эфиопияда 2022 жылдың басында пайда болған безгек ауруына Anopheles Stephensi себеп болғанының алғашқы дәлелдерін тапты. Эфиопияның Дире Дава қаласында, астанасы Аддис-Абеба мен Жибути арасындағы көлік торабында 2019 жылы безгек ауруына 205 адамның шалдыққаны туралы дерек тіркелді. Бұдан бөлек, 2022 жылы қаңтар мен мамыр айлары аралығында 2,400-ден аса адамның жұқтырғаны анықталды. Бұл індет бұрын-соңды болмаған, өйткені, безгек әдетте сирек кездесетін елдегі құрғақ (жауын-шашынсыз) маусымда «бой көрсетеді». Ғалымдар, сондай-ақ, Anopheles stephensi масасының Судандағы тексерілген аумақтардың 64% -да табылғанын көрсететін алғашқы нәтижелерді ұсынды. Кейбір жағдайларда қала тұрғындарының 94% -ы масалардың жаңа түрлері пайда болған қалалар маңында тұрады. Ғасыр басынан 2017 жылға дейін безгектен болатын өлім-жітім екі еседен астамға азайған еді, бұған негізінен инсектицидтермен өңделген москит торлары, сынақтар мен дәрілер себеп болды. Дегенмен, COVID-19 пандемиясы кезінде бұл тараптағы іс-шаралар тоқтап қалды. Ғалымдар Anopheles Stephensi Африка құрлығында қаншалықты таралғанын анықтау үшін бақылауды күшейтуге шақырды.

 

0 пікір
Мұрағат