Бельгия бір рет қолданылатын электронды темекілерді сатуға тыйым салады
Бельгия бір рет қолданылатын электронды темекілерді сатуға тыйым салады
3 күн бұрын 297 kaz.inform.kz Эльмира Оралбаева

KAZINFORM – Бұл – Еуропалық Одақ аясында тыйым салынған бірінші жағдай, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Бір рет қолданылатын электронды темекілерді сатуға тыйым 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бельгияның Денсаулық сақтау министрі Франк Ванденбрук бұл тыйымды азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға алаңдаушылықпен байланысты деп түсіндірді. Негізгі себеп – жасөспірімдер арасында танымалдығы және олардың зиянды қалдықтардың пайда болуына қосқан елеулі үлесі, деп жазады Apnews.com.

Тыйым салудың мақсаты – жастар арасындағы никотинге тәуелділікті азайту.

Денсаулық сақтау министрі Франк Ванденбруктың айтуынша, қымбат емес электронды темекілер денсаулыққа қауіп төндіреді. ­Өйткені олар жасөспірімдердің темекі шегу мен никотинге тәуелді болуының оңай жолына айналған.

- Бір рет қолданылатын электронды темекі – жаңа тұтынушыларды тартуға арналған жаңа өнім, - деді ол сұхбатында.

Оның айтуынша, электронды темекіде никотин жиі кездеседі.

- Никотин сізді никотинге тәуелді етеді. Никотин денсаулыққа зиян. Бұл факт, - деп қосты Ванденбрук.

Темекі бір реттік болғандықтан пластик, батареялар және чиптер қоршаған ортаға ауыртпалық түсіреді.

- Оның үстіне, олар қауіпті химиялық қалдық жасайды, - деді Ванденбрук.

Қырғызстанда электронды темекіге тыйым салынғанын жазған болатынбыз.

Эльмира Оралбаева

0 пікір
Мұрағат