Бейжің тұрғындары азайып келеді
|
Қытай астанасының тұрақты тұрғындарының қарасы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 21,886 млн адам құраған, бұл көрсеткіш оның алдындағы 2020 жылғы дерекпен салыстырғанда 4000 адамға кем. Бұл жайында islam.kz порталы Синхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бейжің мунипициалының статистика бюросы келтірген мәліметке қарағанда, қала тұрғындарының саны шамамен 19,161 млн адам немесе тұрғылықты қала азаматтарының жалпы санына шаққанда 87,5%. Бұл тенденция жұқпалы індеттің адамдар тығыз орналасқан қалалық жерде тез таралатынына байланысты ауылдық жерлерге қоныс аударушылар есебінен орын алып отыр. Бейжіңнің жалпы ішкі өнімі өткен жылы 4,03 трлн юанға (637,33 млрд доллар) жеткен, ал қаладағы тұрғындардың жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім 184 000 юанды құраған.