Батыстың қысымына қарамастан Иранның мұнай экспорты рекорд орнатты
Батыстың қысымына қарамастан Иранның мұнай экспорты рекорд орнатты
2 жыл бұрын 1071 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран мұнайының экспорты 2022 жылдың соңғы екі айында ең жоғары деңгейге жетті және АҚШ санкцияларына қарамастан 2023 жылды жақсы бастады, деп хабарлады жексенбі күні Reuters агенттігі жүк кемелерді, дәлірегі, мұнай танкерін бақылайтын компанияларға сілтеме жасап. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Парсы елі мұнайының экспорты негізінен Қытай мен Венесуэлаға есебінен өскен. SVB International-дың  энергетикалық кеңесші желтоқсанда шиғалар елінің мұнай шикізатының экспорты орташа есеппен тәулігіне 1,137 миллион баррелді құрағанын, бұл көрсеткіштің қарашадағысынан 42 мың баррелге көп екенін және SVB бұрынғы бағалауларға негізделген 2022 жылғы ең жоғары көрсеткіш екенін жеткізді. Мұнай жөнелтілімдерін қадағалайтын Petro-Logistics кеңесшісі Иранның мұнай экспортының өсу тенденциясын байқағанын тілге тиек ете келе  2019 жылдың наурыз айынан бері желтоқсан айында ең жоғары деңгейге жеткенін мәлімдеді. Kpler деректерді талдау фирмасының сарапшылары қарашада Иран мұнайының экспортын тәулігіне 1,23 миллион баррелге бағалай келе 2022 жылдың тамызынан бергі ең жоғары және 2019 жылдың сәуіріндегі 1,27 миллион баррелге тең көрсеткішке қол жеткізгенін мәлім етті. Vortexa сарапшысының мәліметінше, желтоқсанда Иранның Қытайға мұнай импорты тәулігіне 1,2 миллион баррелге жетіп, жаңа рекордқа орнатқан, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 130 пайызға өскен. Иран мұнайының экспортының бұлайша қарыштауына ең алдымен Украинаға басқыншылығы үшін Ресей мұнайына қатаң шектеу енгізілгендігімен байланыстырып түсіндіруге болады. Иран Ресеймен бұл тарапта бәсекелес елдер. Жартылай ресми Fars news агенттігінің осы аптадағы хабары бойынша Иранның алдағы жылға арналған ұлттық бюджеті бұдан да жоғары -  мұнай өндірісін 1,4 миллион баррелге жеткізуге негізделген.

0 пікір
Мұрағат