Батыста Түркияның дипломатиялық мәртебесі өзгертілуі мүмкін
Батыста Түркияның дипломатиялық мәртебесі өзгертілуі мүмкін
1 ай бұрын 491 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттары Түркияның сыртқы саясатына байланысты аталған елдің дипломатиялық мәртебесін өзгертуді көздейтін заң жобасын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, АҚШ тарапы Түркияның батыс елдерінде лаңкестік ұйым ретінде танылған ХАМАС ұйымымен әрі Украинаға басқыншылық саясат ұстанған Ресей Федерациясымен жаұындасқаны үшін осылайша жазалауды ұйғарып отыр. Аталмыш заң жобасында Түркияны АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің еуропалық юрисдикциясынан шығарып, Таяу Шығыс елі ретінде қайта жіктеу қарастырылған. «Түркияның дипломатиялық мәртебесін қайта қарастыру туралы заңы» деп аталатын бастама аталған елді Еуропа және Еуразия істері жөніндегі бюроның қарамағынан Таяу Шығыс істері жөніндегі бюроға ауыстыруды көздейді. Түркияның еуропалық басымдықтардан бас тартып, Таяу Шығыс мемлекеттерімен жақындасқаны үшін. Грек-Израил альянсының (CHIA) тең төрағалары, конгрессмендер Гас Билиракис пен Бред Шнайдер Түркияның саясаты АҚШ пен Батыстың мүдделеріне қайшы келетінін мәлімдеді. Құжатта Анкара ХАМАС содырларын жасыратыны, батыспен жұлдызы қарсы Ресеймен, Қытаймен және Иранмен байланыстарды нығайтатыны, сондай-ақ, НАТО-ның бірлігіне нұқсан келтіретіні, сонымен қатар, батыспен одақтас мәртебесін сақтап отырғаны атап көрсетілген. Америкалық сенаторлардың пікірінше, Түркия ресейлік агрессияның әскери әрекетіне көз жұма қарап, таяу шығыстық содырлардың қолтығына су бүркіп отыр. Заң жобасына сәйкес мемлекеттік департаментке 90 күн ішінде Түркияның дипломатиялық мәртебесін қайта қарау және конгресске оның соңғы бес жылдағы сыртқы саясатының талдау нәтижесін өткізуді тапсырды. Егер бастама мақұлданса, Түркия ресми түрде Иран, Сирия және Либия сияқты елдермен бір санатта болады. Егер бастама қабылданса, Түркияның Еуропалық одаққа кіру процедурасы тоқтатылуы мүмкін.

Пікір білдірілмейді.
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4