«Батыс сөз бостандығын саяси мақсаттарына пайдалануда»
«Батыс сөз бостандығын саяси мақсаттарына пайдалануда»
9 жыл бұрын 3193

Өткен сенбіге қараған түні Австралия астанасында Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) карикатурасын жасағандарға қарсы наразылық шеруі өтті. «Мен мұсылманмын» (“Je suis muslim” – француз тілінде) деп аталатын аталмыш акцияға 800-ге тарта адам қатысқан. Бұл жайында The Telegraph ақпарат көзі хабар таратты. Ал The Daily Telegraph ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, бұл наразылық шарасына кем дегенде мың адам қатысқан. Мұсылмандар тұратын Лакембе ауданына жиналғандар, сонымен қатар, тілшілер қауымынан бұқаралық ақпарат құралдарында ислам дінін құбыжық етіп көрсетпеуді әрі Charlie Hebdo сатиралық басылымның мұқабасында жарияланған Екі әлем сардарының (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) карикатурасын көшіріп баспауды талап еткен. Осы акция кезінде сөз алған мұсылман жамағатының жетекшісі Суфиян Бадар батыс елдерінің сөз бостандығын желеу етіп, оны өздерінің саяси мақсаттарына пайдаланып отырғандығын ашына айтты. 

0 пікір
Мұрағат