Батыс елдерінің екпесін салдырғандар ғана қажылығын өтей алады
Батыс елдерінің екпесін салдырғандар ғана қажылығын өтей алады
4 жыл бұрын 2902 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия аумағында халықты тәжді тажалға, яғни, COVID-19 вирусына қарсы екпемен қамту науқаны қызу жүріп жатыр.  Жасы 16-дан асқандар америкалық Pfizer екпесін, ал жасы 18-ден асқандар қосымша Оксфорд-AstraZeneca екпесін алу мүмкіндігі бар. Аталған араб елінде әзірге 3 млн-нан аса екпе таратылды. Бұдан бөлек, қажыларға қызмет көрсететін волонтерлер мен мешіт қызметкерлері міндетті түрле екпе алатындар санатына енгізілген. Әлемнің әр түкпірінен келетін қажылар мен ел тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған ел билігі осындай сақтық шараларына барып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Middle East Business Intelligence ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сондай-ақ, қажылар да екпе алуға міндетті. Дәлірегі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған екпені алғандар ғана қажылыққа жіберіледі. Бұл екпелердің арасында ресейлік екпе енбеген (кейін енгізбесе). Аталған елге сапарлайтын қажылар жолға шығуға кем дегенде бір апта бұрын екпе алуы тиіс әрі жұқпалы індеттен аман екендігін тексертуі керек, яғни, аталған ел аумағына кіруіне 70 сағат өтпей тұрып тестен өтуі тиіс. Шетелдік қажылар 72 сағаттық карантинге де жабылып, уақытша оқшаулануы мүмкін.

Ұқсас материал:

"Жұқпалы індетке қарсы екпе алмағандар қажылыққа жіберілмейді" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/juqpaly-indetke-qarsy-ekpe-almagandar-qajylyqqa-jiberilmeidi-14780/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат