Батыс брендтері Қытаймен бәсекелестікте ұтыла бастады
Батыс брендтері Қытаймен бәсекелестікте ұтыла бастады
29 күн бұрын 471 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай тұрғындарының ұқыптылығы мен үнемшілдігі батыс брендтеріне ойсырата соққы беруде. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай тұтынушыларының қатаң үнемдеу саясатына көшуіне байланысты әлемдік брендтердің табысы күрт құлдырай бастаған. Керісінше Қытайда жергілікті өндірушілердің тасы өрге домалап, пайдаға кенелуде. Тек Қытайда емес, күллі әлем бойынша батыс брендтері Қытайдың арзан тауарларымен бәсекелестікке төтеп бере алмауда. Француздардың әлемге әйгілі L'Oreal тоқсандық есебін жариялады. Қытайда тұтыну деңгейінің төмендеуі табыстыңң өсуіне кедергі келтіретін негізгі факторға айналды. Керісінше Ханжоуда орын тепкен Proya Cosmetics компаниясының табысы шілде-қыркүйек айларында 21 пайызға өскенін хабарлады. Аталмыш агенттіктің хабарлауынша, тұрақты табыстың кемуі тек опа-далап индустриясымен шектелмейді. Мәселен, өткен аптада сән-салтанат тауарларын өндіретін LVMH компаниясы қытай тұтынушылары тарапынан сұраныстың төмендеуіне байланысты пандемиядан кейінгі ең төменгі көрсеткішпен осы тоқсанды аяқтағанын хабарлады. Nike және Uniqlo компанияларының саудасы да жүрмей тұр.

0 пікір
Мұрағат