Басы артқа қайырылған адам
Басы артқа қайырылған адам
10 жыл бұрын 8196 Claudio Vieira De Oliveira

Туған жылы: 1977
Туған жері: Монте Санто, Бразилия
Азаматтығы: Бразилия

Басы артқа қайырылып туған Клаудио Виейра Де Оливейраның жасы биыл 37-ге толды. Ол өмірге келгенде дәрігерлер анасына емізбеуге кеңес берген. Өйткені, дәрігерлер оның аман қалатынына сенбеген болатын. Оның туғаннан қолдары да, аяқтары да, омыртқасы да қатты қисық болып біткен. Бұлар ештеңе емес, бәрінен бұрын оның басы артына қайырылып дүниеге келген. Яғни, оның басы жотасына тиіп тұрады. Алайда, дәрігерлердің болжамы расқа айналмады. Бала тірі қалғанымен қоймай, бүгінгі таңда сау-саламат өмір сүріп жатыр. Осындай кемістіктермен туған ұл балаға қойылған диагноз да қорқынышты болатын – туабітті артрогрипоз. Клаудио тұрмыс заттарын пайдалануды игеріп, ешкімнің көмегінсіз теледидарды қосып-ажыратуды, компьютерді үйренді. Ол сегіз жасында тізерлеп, өздігінен қозғала алатын жағдайға жетті. Кейін анасын көндіріп, мектеп табалдырығын аттап, өзге балалармен қатар білім алады.

0 пікір
Мұрағат