Бастауыш сынып оқушысының мектепке шариғат шәлісін жамылып келуіне не түрткі болды?
Бастауыш сынып оқушысының мектепке шариғат шәлісін жамылып келуіне не түрткі болды?
7 жыл бұрын 4565 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2016 жылы Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмеронға мұсылман әйелдері туралы жаңсақ мәлімдеме жасағанын білдіру мақсатында 9 жастағы бастауыш сынып оқушысы мектепке шариғат шәлісін жамылып келген. Өткен жылы Садия Рахмен 8 жасында Дэвид Кэмеронның елдегі мұсылман әйелдердің дені ағылшын тілін білмейтінін, ағылшын қоғамына бейімделуге құлықсыздық танытатынын, т.б. сынға алған болатын. Премьер-министрдің бұл сөзімен келіспейтінін білдіру үшін Садия қолына қалам алып, хат жолдайды. Мәлімдеме авторына. Ол өзінің хатында ана тілі - урду тілінде сөйлесе де бұл оған өзге салаларда қабілетін көрсетуге кедергі келтірмейтінін баяндаған. "Оқу меңгерушісі бізден не болғанын сұрады, мен оған оның өзінің жеке шаруасы екенін айтып жауап бердім. Ол бұл менің шешімім, менің өмірім, олардың түк қатысы жоқ, қалай істегім келеді, солай істеймін, деп айтты. Мен оны мақтан тұтамын",- деді қыздың әкесі Хазик Рахман.

0 пікір
Мұрағат