Басшыларға қызметкерлерін жұмыстан тыс уақытта мазалауға заң жүзінде тыйым салынды
Басшыларға қызметкерлерін жұмыстан тыс уақытта мазалауға заң жүзінде тыйым салынды
3 жыл бұрын 1659 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Португалияның Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты түзету енгізілді. Аталған түзетуге сәйкес басшылар бұдан былай жұмыстан тыс уақытта қоластындағыларды мазалай алмайды. Егер бұл талапты ескермесе, компанияға айыппұл салынады. Бұл жайында islam.kz порталы Euronews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алайда, бұл ереже талаптары ұжымы он адамнан аспайтын мекемелерге жүрмейді. Бұдан бөлек, басшыларға жұмыспен байланысты қызметкерінің шығынын өтеуге міндеттелген, мәселен, үйінде электр мен интернет ақысын төлеуі тиіс. Сондай-ақ, жаңа ереже бойынша баласы сегіз асқа толмағандар да қашықтан жұмыс істеуге құқылы. Бұған қоса, қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлері жалғыздықтан жапа шекпесі үшін басшылары екі айда бір олардың басын қосып, кездесу ұйымдастыруы тиіс. Осылайша жұқпалы індетке байланысты қашықтан білім алу, қашықтан жұмыс істеу тәжірибесі қанатын кеңге жайып, пандемиядан жаңа ережелердің пайда болуына түрткі болуда. Португалияның еңбек министрі Ана Мендес Годиноның пікірі осындай.

0 пікір
Мұрағат