Башқұртстанда жыныс ауыстыруға қатысты заң қабылданды
Башқұртстанда жыныс ауыстыруға қатысты заң қабылданды
2 жыл бұрын 1277 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Башқұртстанның мемлекеттік жиналысының депутаттары жыныс ауыстыруға қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Аталмыш заң талаптары бойынша ерлі-зайыптылардың бірі жынысын ауыстырса, олардың некесі жарамсыз олады, яғни, заңсыз саналады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ТАСС ақпарат агенттігіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мемлекеттік жиналыс жетекшісі Константин Толкачев аталмыш заңның қабылдануына қатысты мәлімдемесінде некенің ер мен әйелдің одағына негізделетінін, сол себепті, ерлі-зайыптылардың біреуінің жынысын өзгертуі азаматтық хал актілеріндегі жазуға өзгеріс енгізуге негіз болатынын жеткізді. Ондай-ақ, жынысын ауыстырған тұлғаға бала асырап алуға, баласына қамқор болуға тыйым салынады.

0 пікір
Мұрағат