Бас раввин еврейлерді Исламды оқуға шақырды
Бас раввин еврейлерді Исламды оқуға шақырды
8 жыл бұрын 2146 muslim.kz

Ұлыбританияның бас раввины Эфраим Мирвис орта білім беру жүйесіндегі жаңа стандарттарға сәйкес еврей мектептерінде Ислам діні жайлы сабақ өткізуді қолдайтынын айтты. Оның ойынша, Ислам діні жайлы сабақтар балаларға дінді дұрыс түсінуге мүмкіндік бермек.

Осыдан сәл бұрын раввин Мирвис те, басқа да еврей ұйымының басшылары Ұлыбританиядағы мектептер бағдарламасына өзгеріс енгізілуіне қарсылық танытқан болатын. Дегенмен, олардың қарсылықтары ескерілместен, келесі оқу жылынан бастап орта мектептерде дінтану сабақтары тереңдетіліп оқылатын болады.

Қазіргі уақытта оқушылар өздері ұстанатын діннің басты қағидаларын оқумен ғана шектелуде. Алайда, Ұлыбритания билігі берілетін сабақтардың 25 пайызы өзге дінді тануға жұмсалуы қажет деп отыр.

Раввин Мирвистің баспасөз хатшысының айтуынша, еврей мектептеріндегі дінтану сабағының 25 пайызы Ислам дініне арналуы – иудейлік дінге үлкен соққы болмақ. Дегенмен, еврей балаларының мұсылмандармен қарым-қатынасы жақсаруы үшін бұл қадам өте маңызды дейді ол.

0 пікір
Мұрағат