Бас қондыру отасына алғашқы болып келіскен адамның аты-жөні белгілі болды
Бас қондыру отасына алғашқы болып келіскен адамның аты-жөні белгілі болды
10 жыл бұрын 3875

Islam.kz. Естеріңізде болса, осыдан біршама уақыт бұрын италиялық нейрохирург Серджио Канавероның бас қондыру отасына дайындалып жатқаны және оны 2017 жылы жүзеге асыратыны жөнінде хабар таратқан болатынбыз. Әлемде бас қондыру отасына алғашқы болып, келіскен адамның да аты-жөні белгілі болды. Ол – 30 жастағы ресейлік программист Валерий Спиридонов. Владимир қаласында тұратын ол арқа бұлшық етінің атрофиясымен сырқаттанады. Бұл жайында Daily Mail басылымы хабар таратты. «Мен түпкілікті шешім қабылдадым. Оны өзгерту ойымда жоқ»,- деген ол осыдан екі жыл бұрын осынау қатерлі ота туралы ғаламтордан оқып білгенін де жасырмады. Ол ғалыммен электронды хат алмасып, хабарласып тұрады. Қазіргі уақытта Skype арқылы тілдесіп жүргенін де жайып салды. «Қорқамын ба? Әрине, қорқамын. Қорқынышты ғана емес, сонымен бірге, қызықты да. Шындап келгенде, менде бұдан өзге жол да жоқ. Осы мүмкіндікті пайдаланбасам, өмірім қасіретпен аяқталады. Жылдан жылға халім нашарлап келеді», - деді ол ағынан ақтарылып. Оның отбасы да отадан кейін тірі қалуы неғайбыл екенін біле тұра Валеридің бұл шешімін құптап отыр. Ал оның басы миы емдеуге келмейтін ауру адамның немесе өлім жазасына кесілген қылмыскердің денесіне жалғануы мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат