Бәрі араласып кетті
|
Жапонияда цитрус аңқыған әрі цитрус дәмін беретін тауық жұмыртқасы пайда болды.
Жапондықтар жаңалықтарымен әлемді таңқалдыруын қоймай келеді. Штаб-пәтері Сикоку аралында орналасқан «Ямасаки Фармс» компаниясы саудаға цитрус аңқыған әрі циртрус дәмі бар тауық жұмыртқасын шығарды. Фермерлер оны табиғи жолмен алатынын айта кету керек, яғни, қандай да бір химикат қоспайды немесе тағам қоспаларын пайдаланбайды. Ол үшін тауықтың жеміне (кунжут дәні пен жүгері (ГМО-сыз) және капуста), бұларға қоса «юзо» деп аталатын жапон лимонының тұқымының кебегін көптеп қосады. Нәтижесінде тауық жұмыртқасы ерекше цитрус дәміне ие болып, цитрус аңқып шыға келеді. Ол ол ма, тауық жұмыртқасының қабығы да цитрус аңқиды. Алайда, оның ішіндегісінің иісі ерекше мұрын жарады.