Бақсы-балгерлер ғана емес, олардың клинеттері де арнайы есепке алынады
Бақсы-балгерлер ғана емес, олардың клинеттері де арнайы есепке алынады
3 ай бұрын 622 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі қызметі мен насихатына тыйым салынған бақсы-балгерлерді ғана емес, сонымен қатар, олардың клиенттерін де арнайы есепке алып, «қара тізімге» енгізеді. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соқыр сенімге негізделген алаяқтықтың етек алуына жол ермес үшін қатаң шараларға баруға мәжбүр болуда. Елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың төмендігінен тығырыққа тірелген тұрғындар арасынан өткен айдың өзінде тәртіп сақшылары 150-ден аса азаматтың көріпкелдер қызметіне жүгінгенін анықтады. Олардың жеке бас дерегін арнайы картотека енгізіп жатыр. Осыдан бірер ай бұрын тәжік билігі сиқыршылармен, балгерлермен күресті күшейту үшін жазаны қатаңдатқан. Дәлірегі, бұл тараптағы заңнамадағы түзету қабылданса, мұндай тұлаларды жарты жылға дейін жұмысқа мәжбүрлеп жегу шарасы қолданылады. Бұдан бөлек, инвестиция тарту, елдің имджін жақсарту мақсатында соқыр сенімге негізделген жат әдеттерге тойтарыс берілмек. Тәжікстан өзін зайырлы ел ретінде таныту үшін мемлекеттік мекемелер мен мектеп білім мекемелерінің қабырғасында әйелдерге шариғат талаптарына сай киініп жүруіне, дәлірегі, хижабқа тыйым салды. Заң жүзінде. Осы орайда Ресей Федерациясында да оккулттік қызмет жарнамасына тыйым салынатын заң жобасы дайындалып жатқанын айта кетпекпіз. Бұл тараптағы сауалнама нәтижесіне сәйкес РФ азаматтарының 60% -ы оккультизм қызметтерін пайдаланады және сиқыршыларға сенеді.

0 пікір
Мұрағат