Бақилық болған бауырымен қауышқандай болды (Видео)
|
1997 жылы 22 жастағы америкалық Ричард Ли Норрис байқаусызда өзін басынан атып, жазатайым оқиғадан мертігіп қалған болатын. Аман қалғанымен бет-әлпеті адам танымастай өзгеріп кеткен болатын. Оған 2012 жылы жол-көлік апатынан қаза тапқан 21 жастағы Джошуа Аверсаноның бетін орналастырған еді. Жол-көлік апатынан қаза тапқан жігіттің қарындасы ағасының бетін иеленген Ричард Ли Норриспен кездесіп, бауырымен қауышқандай болды. Бұл жайында «Metro» ақпарат көзі хабар таратты. «CTV News» телеарнасының тілшілері олардың кездесуін таспаға тартып алған болатын. Бұл таспа мамыр айының 31-і күні эфирден көрсетілді. Жол-көлік апатынан қаза тапқан жігіттің туыстары да оның бетін Джошуа Аверсаноға орналастырғанын құп көріп отыр. «Ұлымызды қайтара алмаймыз, алайда, оның көмегі мүұтаж адамға тигеніне қуаныштымыз», - деді қаза тапқан жігіттің анасы. Бұрын үйінен шығуға ұялатын Ричард Ли Норристің тасы өрге домалап, қазіргі уақытта сән үлгілері бойынша жетекші тұлғалардың біріне айналды. Десе де, ол күннің астында және суықта ұзақ уақыт қалмауы керек, күніне дәрі қабылдайды. Ричард Норрис осымен 23-ші адам әлемдегі бет трансплатациясы жасалған. Мұндай ота алғаш рет 2005 жылы жасалған болатын. Яғни, бетін ит талаған әйелге бет қондыру отасы жасалған болатын.