|
Балтамен шауып тастады
|
Әбу-Даби қаласындағы Зайед-Сити ауданында орын тепкен аса ірі Capital Mall сауда кешенінде оқыс оқиға орын алды. 61 жастағы пәкістандық азамат «көзіме шөп салып жүр», деп күдіктеніп, осы сауда орнында сатушы болып жұмыс істейтін, дәлірегі, опа-далап сататын 40 жастағы әйелін ет шабатын балтамен жарақаттаған. Бұл жайында «Al Arabiya» ақпарат көзі хабар таратты. Әйелін аталмыш сауда орнында жұмыс істейтін күзетшімен «көңіл жарастырды» деген күдіктің жетегінде кеткен пәкістандық оқиға орнында тұтқындалды. Әйелінің халі мүшкіл, қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр. Сонымен қатар, пәкістандық азаматтың осындай қадамға баруына себепкер болған күзетші де күдікті ретінде тұтқындалды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді