|
Баласы сабақта болмаса, ата-анасы айыппұл төлейді
|
Әзірбайжан елінің Парламент мүшелері мектептегі білім сапасын арттырудың тың жолын ойлап тапқан сияқты. Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне енгізілген жаңа түзетулер негізінде енді баласы сабаққа қатыспаса, ата-анасы 100 манат ($95) көлемінде айыппұл төлейтін болады. Жаңа заң жобасы қоғам арасында қатты қарсылық туғызды.
Парламент мүшесі, белгілі жазушы Эльмира Ахундова бұл заң қалталы ата-аналардың балаларын мемлекеттік мектептерде оқытудың орнына айыппұл төлеп, өздері арнайы оқу орталықтарында дайындалуына әкеліп соғады дейді.
Алайда, Парламенттің вице-спикері Бахар Мурадов кейбір ата-аналардың балаларын мектепке барудан шектеп, жұмысқа салып қоятынын айтып, аталмыш заңның қажеттігін айтады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Cаудия барлық шетелдік инвесторға капитал нарығын ашады
■
Әлемдегі алғашқы су тұшшыландыратын суасты қондырғысының ең басты артықшылығы неде?
■
Мұсылман елі Илон Масктың әлеуметтік желісіне тыйым салады
■
Цифрлы дәуір Марокконың діни қайраткерлерін қайта қалыптастыруда
■
Қытайда чат-боттарға эмоциясын білдіруге тыйым салады