Баланы итке талатқандарды жауапқа тартуды талап етті
Баланы итке талатқандарды жауапқа тартуды талап етті
10 жыл бұрын 4153

Таяуда Израилдің бұқаралық ақпарат құралдарында израилдік сарбаздардың қаныпезерлігін көрсететін, яғни, палестиналық баланы итке талатқаны турасындағы видео жарық көрген болатын. Сарбаздардың бірі баланы итке талатып жатса, екіншісі оны таспаға түсіріп алды. Аталмыш видеоны әлеуметтік желіге ультра оңшыл партияның көсемі Михаэл Бен-Анри орналастырған екен. Орналастырғанымен қоймай, видеодағы көрініске айызы қанғанын да жазыпты. Алайда, бұл әрекетіне сын айтқандар көбейген соң видеоны алып тастаған. Осы қорлыққа байланысты «Біріккен араб тізімі» деп аталатын блок Израиль билігінен бұл оқиғаны мұқият тексеруді және қызметін асыра пайдаланған сарбаздарды жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Израилдің жоғары лауазымды әскери шенеуніктері тергеу жүргізуге және мұндай келеңсіздіктің қайталанбайтынын айтып, уәде берді. 

 

Палестина Израилді сотқа бермек

Палестина билігі үстіміздегі жылдың сәуір айында Израилді Халықаралық қылмыстық сотқа береді. Өткен жылы Газа секторында орын алған «Мызғымайтын жартас» деп аталатын операция кезіндегі әскери қылмысы үшін. Тек әскери қылмысы үшін ғана емес, сонымен қатар, еврей келімсектерін Палестина жеріне заңсыз орналастырғаны үшін де жауапқа тартуды көздейді. Бұл жайында Палестинаны азат ету ұйымының атқарушы комитетінің мүшесі Мұхаммед Штайһ мәлім етті. Айта кетейік, палестиналықтар Газадағы аталмыш сотқа жүгінуге құқылы, өйткені, 2015 жылдың қаңтар айында әлем қауымдастығына ресми түрде қосылған болатын. Сот процедурасына сәйкес Палестина мемлекеттігілігі жөніндегі статус қаңтар, сәуір айының 1-нен бастап күшіне енеді.

1 пікір
  • Жауыздар,арсыз онбагандар,жазаларын алсын,не деген хаюан,оздерин талатса гой сол итке,,жок олар одан улкен жазага лайык
    10 жыл бұрын
Мұрағат