Балаларға түнде блогерлердің трансляциясын көруге тыйым салынады
Балаларға түнде блогерлердің трансляциясын көруге тыйым салынады
3 жыл бұрын 1137 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі жасы 16-ға толмаған жасөспірімдерге кешкі сағат 22:00-ден кейін блогерлердің трансляциясын көруге әрі стриммингтік алаңдарда виртуалды сыйлықтар жөнелтуге тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай шектеуді Қытайдың мемлекеттік радио және теледидар басқармасы енгізді. Арнайы реттеуші органның келтірген дерегіне қарағанда, стримдер өткізілетін платформалар кәмелет жасына толмағандардың тән саулығы мен психикасына елеулі залал келтіреді. Осы орайда өткен жылдың қыркүйек айында 14 жастан кіші балаларға TikTok әлеуметтік желісінде күніне 40 минуттан артық отыруға тыйым салғанын айта кетпекпіз. Яғни, 14 жасқа толмағандар таңғы алтыдан кешкі онға дейінгі уақыт аралығында аталмыш әлемжеліде 40 минут отыруға рұқсат етілген.

 

0 пікір
Мұрағат