Балалардың болашақта қандай мамандыққа бейім екенін анықтау үшін де ДНК анализін тапсырып жатыр
Балалардың болашақта қандай мамандыққа бейім екенін анықтау үшін де ДНК анализін тапсырып жатыр
5 жыл бұрын 2820 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдағы ата-аналар жаппай балаларының ДНК анализін тапсырып жатыр – болашақта баланың қандай қабілетке ие болатынын анықтау үшін. Бұл жайында Bloomberg ақпарат көзі хабар таратты. Мыңдаған қытайлық ата-аналар балаларын есейгенде мамандық таңдауда жаңылысып, жаза баспауы үшін қалтасынан ақша шығарып, генетикалық тест тапсырып жатқаны айтылған. Балаларын бейім саласына қарай тәрбиелеп, қабілетін шыңдай түсу үшін осындай күмәнді қадамға баруда. Ал мамандар не дейді? Олардың айтуынша, мұндай тест тапсыру балгерге барғанмен бірдей әрекет. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, ешқандай ДНК анализі баланың болашағын айқындап бере алмайды. Өйткені, ДНК анализі адамның мінез-құлқымен, кәсіби машығымен байланысты психикалық аса күрделі мәселеде қауқарсыз. Бұдан бөлек, бұл мәселеде кейін балаға қоршаған орта мен тәрбиенің тигізер әсер-ықпалы секілді әлеуметтік фактор ескерілмеген. Сөз орайы келгенде айта кету керек, мұндай түбі шикі тест, тіпті, Еуропа елдерінде де тапсырылып жатыр. Мәселен, Genomic Prediction компаниясы жасанды жолмен бала көтергісі келетін ата-аналарға баланың интеллектілік деңгейін, яғни, зейінін бағалау қызметін ұсынады.

0 пікір
Мұрағат