Балалар үшін тегін зертханалар ашылады
Балалар үшін тегін зертханалар ашылады
9 ай бұрын 467 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дубайдағы Children’s City-де балаларға арналған ғылыми орталық ашылды. Немістердің Forscherwelt орталығының бөлімшесі Дубай қалалық басшылығымен бірігіп ашқан аталмыш орталыққа ай сайын 7-11 жастағы шамамен 5 мың бала бас сұғып, ғылыми теорияларды тәжірибемен тексеріп, сынақ жүргізеді. Бұл жайында The National ақпарат көзі хабар таратты. Forscherwelt орталығының негізін қалаған Henkel акционерлер кеңесінің жетекшісі әрі қадағалаушы кеңес төрағасы, неміс бизнесмені Симона Багель-Трах тегін зертханалардың балалардың білімін ұштайтынын жеткізді. Бұл бастама Дубайды зерттеу мен инновация орталығы ретінде дамыту жөніндегі федералды үкімет стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Children’s City менеджер Наилә әл-Мансұри балаларға арналған орталықтың аптасына жеті күн бойы ашық болатынын әрі тегін екенін айтып өтті.

0 пікір
Мұрағат