Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қылмыстық кодекстегі балаға қатыгездік танытып, денсаулығына зиян келтіріп, өзіне қол жұмсауға дейін апарғандардың жазасын қатайту жөнінде өзгерістер енгізілген заң жобасына қол қойды. Бұл жөнінде мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
|
Балаға қатыгездік танытқандарға жазаны күшейтті
|
centralasian.org-тың хабарлауынша, заңда баланың ата-анасы немесе тәрбиелеуге алған жауапты адам балаға қатыгездік танытқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады делінген. Атап айтқанда, кәмелетке жасы толмағандарды өзіне қол жұмсауға апарғаны үшін немесе үнемі кемсітетіні үшін 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал осындай қылмысты сәбиге жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін түрме жазасына кесіледі.
Сонымен бірге, баланың денсаулығына зиян келтіріп, ауыр зардабын қалдырғаны үшін 6 жылдан 10 жылға дейін сотталады.
Баланың өміріне қауіп төндіргені үшін 40 -70 мың сом көлемінде айыппұл төлейді немесе 2-3 жылға дейін ауыр жұмысқа тартылады. Сонымен бірге, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады