Балабақша тәрбиеленушілеріне ислам негіздері бойынша оқу құралы әзірленді
|
![Балабақша тәрбиеленушілеріне ислам негіздері бойынша оқу құралы әзірленді](https://static.islam.kz/uploads/images/BiM/9db/3giMBgISwHekJRGp-lg.png)
Шешенстанның мұсылмандар діни басқармасы балабақша тәрбиеленушілеріне арналған ислам негіздері бойынша оқу құралын әзірледі, ол республиканың мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің білім беру бағдарламасына енгізіледі. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Бұл басылым ислам дінін жастайынан танып-білуде дәстүрлі діни құндылықтарды нығайтуға да игі ықпалын тигізетін сенімді жол көрсетуші болып табылады», деп айтылған Шешенстан республикасының мұсылмандар діни басқармасының Телеграм-арнасында жарияланған ресми хабарламада. Таяу уақытта аталыш оқу құралы басып шығаруға беріледі. Аталмыш жобаны Шешенстан жетекшісінің кеңесшісі, аталған республика мүфтиі Салық Межиев және мектепке дейінгі білім беру жөніндегі Шешенстан министрлер кабинетіне қарасты комитет төрағасы Адам Шерқық талқылаған болатын.
![Қырғыз имамдары жаппай темір тұлпарды тізгіндейтін болады](https://static.islam.kz/uploads/images/awE/dQd/lsxaJCe8pG79HJ1q-sq.jpg)
![Әзірбайжан «Ислам сегіздігі» құрамына кірді](https://static.islam.kz/uploads/images/pQ6/HU9/tLZrgCrOleOF2TDA-sq.png)
![Орта Азия елінде әкелерге декреттік (ақылы) демалыс берілуі мүмкін](https://static.islam.kz/uploads/images/flR/LqS/5T34sreLAAMG47DM-sq.png)
![Әлемдегі еңбек мигранттарының қарасы 30 млн адамға жетті](https://static.islam.kz/uploads/images/6yh/u4j/ayy6KDDZwLakXBhL-sq.jpg)
![Етті тұтынудан моңғолдар әлемде екінші орыннан көрінді. Бірінші орында қай ел тұр?](https://static.islam.kz/uploads/images/ql9/vMh/Tn8Pie9y8J3hXbp4-sq.png)