Байырғы халық туралы заң қабылданды...
Байырғы халық туралы заң қабылданды...
3 жыл бұрын 3982 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Украинаның Жоғарғы Радасы ел президенті Владимир Зеленский енгізген байырғы халық туралы заңды қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы «Страна.ua» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заңға 325 депутат қолдау білдірген. Аталған заң талаптарына сәйкес байырғы халыққа автохтонды этникалық халық жатады, яғни, Украина аумағында қалыптасқан, өзіндік бірегей мәдениеті мен тілін ұрпақтан ұрпаққа аманаттап кететін, елден тыс жерде мемлекеттік құрылымы жоқ халық байырғы халық деп түсініледі. Байырғы халық ел аумағындағы өзге ұлттарға қарағанда мәдени, экономикалық, білім беру және тілдік басымдыққа ие болуы тиіс, өз тілінде білім алуға құқылы титулды ұлт. Украина билігінің бұл қадамын бірыңғайда елді бөліп алғысы келетін сепаратистердің арандатушы әрекетіне әрі Қырым түбегін аннекциялаған Кремлдің гибридтік тактикасына қайтарылған жауап ретінде қабылдауға болады. Аталмыш заң Кремлдің шамына тиіп отыр. «Украиндар мен орыстар бауырлас халық, бір халық» деп мәлімдеме жасаған Путиннің бұл әрекеті Украинаның жерін тартып алып, артынан осы әрекеті үшін өз-өзін ақтап алуға тырысқан баланың қылығын еске салады. Осы орайда түріктердің «Бір ұлт – екі мемлекет» тұжырымы бойынша Әзірбайжанға Таулы Қарабақты қайтарып алуына қосқан әрекеті еске түседі. Міне, түріктердің бұл әрекеті – нағыз бауырмашылдықтың көрінісі. Украинада қабылданған мұндай заң өз елінде тілі өгейдің күйін кешкен, яғни, аты бар да, заты жоқ тілімізді мемлекеттік тілге айналдыруға, тілдің мемлекеттік мәртебесін шын мәнінде қайтаруға септігін тигізері сөзсіз. 

0 пікір
Мұрағат