Байкот жарияланған McDonald’s мұсылмандардың көңілін жаулап алу қамына кірісті
Байкот жарияланған McDonald’s мұсылмандардың көңілін жаулап алу қамына кірісті
1 сағат бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Германиядағы әлемге әйгілі McDonald’s (жылдам тамақтану желісі) қасиетті Рамазан айында қоғамдық орындардағы жарнамасына түзету енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұсылмандар ауыз бекітетін күндізгі уақытта цифрлы жарнама қалқаншалары мен тақтайшаларында тағым көрсетілмейді. Адамның тәбетін оятатын тағам тек қас қарайғанда ғана экранда пайда болады. Күндізгі уақытта бренд қаптамасы не бос болады немесе жабық күйінде бейнеленеді. Куәгер бұл көріністі таспаға тартып алып, әлеуметтік желіге жүктеген екен. Аталмыш технологияны немістердің Scholz & Friends агенттігі әзірлеген - McDonald’s-тың көзге таныс элементін (тағамды айтып отыр – рел.) уақытша жасырады. Бұл ауыз бекітіп, ораза тұтқандарға көрсеткен құрметі ретінде бағаланып отыр. Осылайша аты мәшһүр жедел тамақтану желісі кезінде Палестинаға геноцид ұйымдастырған Израилдің озбыр саясатына қолдау көрсеткені себепті наразылық ретінде байкот жариялаған мұсылмандардың көңілінен шығу әрі айыбын жуып-шаю үшін осындай маркетингтік қулыққа барып отыр.

0 пікір
Мұрағат