Бай елдің тұрғындарына тегін ақша таратылады
Бай елдің тұрғындарына тегін ақша таратылады
6 жыл бұрын 3119 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сингапур билігі ел экономикасының дамуына орай тұрғындарға жалпы сомасы 511 млн долларды тарту етпек. Бұл жайында Ресейдің «Жаңалықтар» ақпарат агенттігі хабар таратты. Белгілі болғандай, бонусты 2,8 млн адам ала алады. «Сыйлықтың» мөлшері әр ел тұрғынының тапқан табысының шамасына қарай белгіленеді. Мәселен, 2017 жылы аталған елдің бір тұрғыны 28 мың сингапурлық долларды (20,4 мың доллар) табанақы, маңдай терімен тапса, оның шотына 219 доллар аударылады. Егер Сингапур азаматының жылдық табысы 73,09 мың доллардан аспаса, оның бонусы 150 доллардан кем болмайды. Ал бұл көрсеткіштен төмен табыс тапқандардың өзі 73 доллардан алады. Қаржылай көтермелеу шарасы елдің барлық кәмелет жасына толған азаматтарына қатысты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Сингапур халқының саны 5,97 миллион адам.

0 пікір
Мұрағат