«Бай елдер кедей елдерді отарлаудың жаңа түріне кірісті» - Debt Justice
«Бай елдер кедей елдерді отарлаудың жаңа түріне кірісті» - Debt Justice
1 жыл бұрын 56743 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Kevin Harris / Unsplash

Британиялық Debt Justice қайырымдылық ұйымының өкілдері алпауыт елдерді отарлаудың жаңа түрін ойлап тапты, деп айыптады. Дәлірегі, аталмыш ұйымның мәлімдеуінше, табысы төмен мемлекеттерді қарызына байланысты үшін қазбалы отын өндірісіне қатысты жобаларға инвестиция құюға мәжбүрлеуде. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Экономикасы артта қалған мемлекеттер бай елдерден қарыз алады және қарызды өтеу үшін қоршаған ортаға зиян келтіретін қазба отындарына қатысты жобаларға инвестиция салуы керек. «Шындық мынада, бұл - отаршылдықтың жаңа түрі: біз бар-жоғы билеушіні көп жағдайда бізге тиесілі нәрсеге иелік ететін несие берушілердің билігіне ауыстырдық. Айырмашылығы - бұл жолы келісімге өзіміз қол қойдық», - деп мәлімдеді «Projekta» азаматтық қоғам белсенділері. Сөз орайы келгенде Франция президенті Еммануел Макрон осы жылдың маусым айында дамыған елдерді жаһандық жылыну салдарымен және зардаптарымен күресуге 100 млрд доллар бөлуге шақырғанын айта кету керек. Өйткені, экономикасын көтеру үшін қоршаған ортаға ең көп залал келтірген дәулетті елдердің табысы төмен мемлекеттер есебінен әлеуетін арттырып отырғанын қаперден шығармау қажеттігін алға тартқан еді.

0 пікір
Мұрағат