Бай адамдардың 1%-ның өзі қоршаған ортаға тигізер әсерінен 1,3 миллион адам ажал құшуы мүмкін
Бай адамдардың 1%-ның өзі қоршаған ортаға тигізер әсерінен 1,3 миллион адам ажал құшуы мүмкін
1 жыл бұрын 1419 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі ауқатты адамдардың ат төбеліндей ғана тобы, дәлірегі, бір пайызының өзінің атмосфераға бөлген парникті газ мөлшері климат дағдарысы арқылы 1,3 млн адамның ажалына себеп болады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде еуропалық ғалымдар мәлімдемесіне жөн сілтеген Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. CBS News ақпарат көзінің хабарлауынша, әлемдегі дәулеті шалқыған  адамдардың 1%-ның атмосфераға көмірқышқыл газын бөлу мөлшері жер бетіндегі ең кедей адамдардың 66%-ның (5 миллиард адам) атмосфераға бөлетін парникті газына тең. 2019 жылғы дерекке сәйкес байлардың 1%-ның өзі атмосфераны ластаушы заттардың16%-ын, ал ен дәулеті болмаса да қомақты қаражаты барлардың 9%-ның атмосфераға бөлетін зиянды заттары 34%-ды құрады. Осы орайда әлемнің 90-нан астам елінде жұмыс істейтін 17 ұйымның халықаралық қауымдастығын құрайтын, мақсаты  дүние жүзіндегі кедейлік пен соған байланысты әділетсіздікті шешуге саятын іргелі ұйым ретінде танымал Oxfam бірлестігінің өкілі Киара Лигори бір адамның өзіне әлемдегі ең бай миллиардерлердің бір жылда атмосфераға бөлетін көмірқышқыл газының мөлшеріндей көмірқышқыл газын бөлуі үшін шамамен бір мың жарым жыл кететінін алға тартты. Бұл бағыттағы зерттеуді Oxfam халықаралық бірлестігі Стокголмдегі қоршаған орта институтымен және The Guardian агенттігімен бірлесіп жүргізді.

0 пікір
Мұрағат