|
Бағдадта үш теракт салдарынан 100-ге жуық адам қаза тапты
|
Ирак астанасы Бағдадта 3 бірдей теракт болды. Салдарынан 100-ге жуық адам қаза тауып, ондаған тұрғын түрлі деңгейдегі жарақаттар алды. Алғашқы шабуыл қаланың негізінен шиіттер тұратын ауданындағы базар маңында жасалды. Көлік ішінде отырған жанкешті жарылғыш затты іске қосып, 60-тан астам адамның өліміне себепкер болды. Бірнеше сағаттан кейін шаһардың шиіттер өмір сүретін тағы бір ауданында бомба қойылған көлік жарылды. «Әл-Арабия» телеарнасы таратқан ақпарат бойынша, теракт салдарынан 15 адам көз жұмған. Ал үшінші жарылыс Бағдадтың сүнниттер тұратын бөлігінде болып, тағы 7 адамның өмірін қиды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, лаңкестік әрекеттерден зардап шеккендердің саны артуы мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Әлемдегі алғашқы су тұшшыландыратын суасты қондырғысының ең басты артықшылығы неде?
■
Атом құрылысы саласындағы шетелдік тапсырыс соңғы 11 жылда ең жоғары деңгейге жетті
■
Алматылық оқушы суды ауа қабатынан жинап беретін құрылғы ойлап тапты
■
Испанияда әлемдегі ең биік ғибадатхананың құрылысы аяқталады
■
Бір елдің өзінде 1 жылда 6 млн-нан аса Інжіл кітабы сатылған