БАӘ қоры Мысырдағы ең сауатсыз аймағына мектеп сала бастады
БАӘ қоры Мысырдағы ең сауатсыз аймағына мектеп сала бастады
2 жыл бұрын 1131 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің «Үлкен жүрек» деп аталатын қайырымдылық қоры сауатсыздық деңгейі ең жоғары Мысырдың Матру провинциясында мектеп құрылысын жүргізіп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жалпы алғанда, Матру аймағындағы халықтың шамамен 33 пайызы оқу мен жазуды білмейді, ал әйелдер арасында бұл үлес 65 пайызды құрайды. Сондай-ақ, аталмыш өңір мектепті тастап кеткендердің саны бойынша республикада бірінші орында тұр. «ән-Нұр» мектебін салуға және пайдалануға қордан 607 мың доллар бөлінді, қалған қаражат оқу орны жұмыс істегенде жиналмақ. Мектеп 600 орынға есептелген. Онда 11 оқу кабинеті, кітапхана, зертхана, спорт залы және технология кабинеті болады. «Біздің қор бүкіл әлемдегі адамдардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін және жақсартатын ұзақ мерзімді және ірі жобаларды жүзеге асырады. Табысты болашақты құру үшін жас ұрпақ жақсы білім алуы керек», - дейді «Үлкен жүрек» қорының директоры Мариам әл-Хаммад. Матрадағы мектеп құрылысы келесі оқу жылының басында аяқталады деп жоспарлануда.

0 пікір
Мұрағат