|
БАӘ-де Рамазан айында азық-түлік бағасы екі есеге дейін арзандайды
|
Біріккен Араб Әмірліктерінде қасиетті Рамазан айында азық-түлік бағасы екі есеге дейін арзандайды.
Ел астанасы Әбу-Даби қаласының муниципалитеті өткен аптада дүкендердегі азық-түліктердің жүзге жуық түрінің бағасын 2016 жылғы 6 маусымнан 5 шілдеге дейін төмендету туралы шешім қабылдаған болатын.
Күріш, май, кофе және маталарға баға 20 пайызға төмендейді, қалған негізгі азық-түліктердің бағасы Рамазан айында 50 пайызға дейін арзандамақ, деп хабарлады БАӘ экономика министрлігінде.
БАӘ - мұсылман елі, онда Рамазан айында көпшіліктің көзінше күндіз тамақтануға, су ішуге тыйым салынған. Сонымен бірге, қоғамдық орындарда темекі шегуге, сағыз шайнауға және ашық-шашық киінуге тыйым салынған.