Азық-түлік саусақ ізімен сатылады
Азық-түлік саусақ ізімен сатылады
10 жыл бұрын 2838

Венесуэлада азық-түлік ендігі жерде саусақ ізімен сатылады. Қазіргі уақытта осы мақсатта ел аумағындағы барлық сауда орындарында 20 мыңдай тұтынушының саусақ ізін сканерлеуден өткізетін құрылғы қойылып жатыр. Ел билігі тұтынушылардың азық-түлікті шектен тыс сатып алмауын қадағалау үшін осындай қадамға барып отыр. Ел президенті Николас Мадуро азық-түлік тапшылығына алыпсатарларды кінәлап отыр. Алыпсатарлар бағаны көтеру үшін көтере сатып алуға көшкен. Үстіміздегі жылдың ақпан айында есеп айырысу кассасын жеткілікті санамай, бағаны көтеру мақсатында кезекті жасанды жолмен ұйымдастырғаны үшін бірнеше сауда орындарының қожайындарын тұтқындаған болатын. Азық-түліктің жетіспеушілігінен ел арасында билікке деген наразылық күшейіп келеді. Сол наразылықтың алдын алу үшін ел билігі әлгіндей қадамға амалсыз барып отыр. Венесуэла экономикасы мұнай бағасының құлдилауына байланысты шатқаяқтап тұр. Ұлттық валюта бағамы өткен жылдың қараша айынан бері 50 пайызға төмендеген. 

0 пікір
Мұрағат