Азиядағы ұрпақтар сабақтастығы үзіліп барады
Азиядағы ұрпақтар сабақтастығы үзіліп барады
25 күн бұрын 944 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Азиядағы ұрпақтар сабақтастығы дәулет жинаудан көп артты қалып қойған. Тіпті, дәулет иелері егде жасқа жеткеніне қарамастан. Технологиялық жетістік факторынан.  Мұндай дағдарыс болашақта капиталды сақтап қалуға өзінің теріс әсерін тигізуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Banking & Finance ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. UOB Private Bank, Boston Consulting Group (BCG) мекемелері мен NUS бизнес мектебінің бірігіп әзірлеген есебінде келтірілген дерекке қарағанда, 2029 жылы Азиядағы байлық 99 трлн долларға жетуі ықтимал. Алайда, осы көл-көсір байлық иелерінің жартысына жуығы алғашқы буынға жататына қарамастан дәулетін ұрпағына мұра етіп қалдыруғға асықпайды. Азия құрлығындағы ауқатты адамдардың 60%-дан астамы 60 жастан асып кеткен. Соған байланысты сабақтастықты жоспарлау өзектілігі артқан. Баяндамада ұрпақтар арасындағы инвестицияға деген көзқарас арасында айтарлықтай алшақтық орын алғаны айтылған. Мол дәулетке ие жастар (30-35 жастағылар), әдетте, акцияларға (52%) және цифрлы активтерге (33%) артықшылық береді, ал аға буын (60+) басым көпшілігінде әдеттегі инвестициялық жылжымайтын мүлікке артықшылық береді, бұл ретте 70% -ға жуығы оны активтердің үздік үш класына орналастырған. Мұндай айырмашылық бизнестегі көшбасшылықтан да байқалып отыр. Бірінші буындағы байлық иелерінің 91% -ы бизнесті басқарудың отбасылық үлгісін қалайды, ол ол ма, олардың әрбір төртінші дерлік мұрагерлері басқару тізгінін қабылдауға мүдделі емес, деп есептейді. Жаңа буын көшбасшылары, әдетте, бизнесті басқаратын кәсіби бас директорларға барынша ашық болуға ұмтылса, ал отбасын жақтайтын егде жастағылар меншік құқығын әулетте сақтағанды жөн көреді. Мұрагерлік бұл арада ұзақ мерзімді жоспарлау негізінде емес, аяқ астынан орын алатын факторларға байланысты көтеріледі. Денсаулығына байланысты мұрагеріне байлықты тапсыру жағдайлары 37% болса, бизнестегі жағдайларға байланысты мұрагеріне капиталды табыстау 43%-ды құраған. Мұрагерлік мәселесі, міне, осы екі негізі себеп бойынша беріледі. Бұл тарапта сарапшылар отбасы бизнесін кәсібилендіруге шақырып отыр – басқаруды құрылымдауға, материалдық емес активтерді белгілі бір мақсатқа жаратуға (мәселен, білім беру саласы, т.б.), т.б. үндейды.

0 пікір
Мұрағат