Азиядағы әрбір үшінші мұсылманның ата-анасынан гөрі діндар болып келетіні белгілі болды
Азиядағы әрбір үшінші мұсылманның ата-анасынан гөрі діндар болып келетіні белгілі болды
2 жыл бұрын 1421 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы әрбір үшінші мұсылман өзін ата-анасының жас кезіндегісінен гөрі діндармын, деп санайды және жеке басының тұтынудағы артықшылықтарын өзі шешеді - киімге, тағамға, қаржылық қызметтерге, саяхатқа және білім алуға ата-анасымен ақылдаспай өзі қаржы жұмсағанды қолай көреді. Бұл жайында islam.kz порталы Al Jazeera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы әлеуметтік зертте нәтижесіне сәйкес Оңтүстік-Шығыс Азия мұсылмандарының үштен бірі өздерін ата-анасынан гөрі діндармын, деп санайды және сауалнамаға қатысқандардың тек 21%-ы дінді аға ұрпаққа қарағанда діни парыздарын толық орындамайды. Сауалнамаға қатысқандардың 45%-ы «діндарлығым ата-аналарымның деңгейінде» деп жауап берген. Аталған аймақтағы мұсылмандардың 91%-ы үшін денсаулықпен қатар Құдаймен берік қарым-қатынас өмірдегі басты басымдық болып табылады. Екінші орында - отбасы. Респонденттердің 34%-ы ғана байлықты лайықты өмір сүрудің маңызды атрибуты ретінде көреді, 28%-ы өмірлік хоббиі мен ермек түрлерін өмір сүрудің маңызды компоненті деп біледі.

0 пікір
Мұрағат