Азияда тағы бір ағылшын тілді мемлекет пайда болады
Азияда тағы бір ағылшын тілді мемлекет пайда болады
6 жыл бұрын 3632 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2019 жылы Тайван ағылшын тілін ресми тіл етеді. Бұл жайында Hong Kong FP ақпарат көзі Тайвандағы Қытай республикасының премьер-министрі Уильям Лайға сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Оның айтуынша, бұл шара тайвандықтар арасындағы ағылшын тілінде сөйлейтін азаматтардың қарасын көбейтеді. Аталмыш елде ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап оқытыла бастайды. Аталмыш ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, аталған аралдағы халықтың 83,5 пайызы қытай тілінде, 81,9 пайызы тайван тілінде, 6,6 пайызы хакка диалектісінде сөйлейді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 2017 жылы Тайванда жергілікті тілдерді дамытуға қатысты арнайы заң қабылданған болатын. Аталмыш заң талаптарына сәйкес аборигендердің тілі де ресми тілге жатады. Тағы бір айта кетпеске болмайтын жайт: Тайван - бір жағынан, өз алдына бөлек, дербес мемлекет. Ал екінші жағынан, Қытайдың бір провинциясы саналады. Тарихқа сәл шегініс: 1949 жылы азаматтық соғыста жеңіске жеткен коммунистер Қытай халық республикасын құрған кезде гоминдандықтар аралға бас сауғалап, кейін Тайван мемлекетінің іргесін қалады. 

Естеріңізге сала кетсек, ағылшын тіліне енді көшіп жатқан аталған мемлекетен басқа Азияда Сингапур, Филиппин, Үндістанда ағылшын тілі ресми тіл. 

0 пікір
Мұрағат