Азия елінің соты бала туғанша оның жынысы туралы ата-анасына хабарлауға тыйым салды
Азия елінің соты бала туғанша оның жынысы туралы ата-анасына хабарлауға тыйым салды
10 ай бұрын 1138 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: westend61

Бангладеш соты медициналық кері көрссеткіші болмаса, яғни, құрсақтағы шарананың денсаулығында кінәрат болмаса, бала туғанша оның жынысы туралы ата-анасына жария етуге тыйым салатын шешім шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Daily Observer мерзімді басылымына және ТАСС ақпарат агенттігіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай бастаманы аталған елдің медициналық қызмет көрсету бас басқармасы (DGHS) көтеріп отыр. Аталмыш тыйымға сәйкес болашақ баланың жынысын құрсақта анықтауға мүмкіндік беретін техникалық мүмкіндігі (УЗИ) барын да жарияламауы тиіс. Бангладеш билігінің мұндай қадамға баруына азиялық елдердің көбісіне тән жаңсақ ұғым себеп болып отыр, дәлірегі, ер балаға артықшылық беретін иерархиялық көзқарас үстемдік еткен қоғамда аяғы ауыр ана мен баланың өмірін қорғау бағытында қолға алынып отырған шара. Бұған қоса, гендерлік теңдікті алға тартқан сот шешімі осыдан төрт жыл бұрынғы петициямен байланысты екенін айта кеткен жөн – баланың жынысын ата-анасына шарана дүниеге келгенше жарияламау турасында қол жинау науқаны нақты шешімін тапты. Оңтүстік Азия аймағында орын тепкен Бангладеш Ислам ынтымақтастық ұйымының мүшесі әрі тұрғындарының дені мұсылмандар - 91,04%, ал үнді наным-сеніміндегілер қарасы - 7,10%-дан аспайды.

0 пікір
Мұрағат